Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Batman °C

Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады
REKLAM ALANI
08.06.2023
A+
A-

Жаңалықтар

 

 

 

 

Ақорда

 

 

 

Мемлекет басшысы Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиеваны қабылдады

2023 жылғы 08 маусым

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кристалина Георгиеваға ілтипат білдіре отырып, Халықаралық валюта қорымен 30 жыл бойы жалғасып келе жатқан табысты ынтымақтастыққа көңілі толатынын жеткізді.

 

 

 

– Қормен арадағы ынтымақтастығымыз табысты жүзеге асып келеді және ол алдағы уақытта да жалғасады. Қордан тұрақты кеңес алу мүмкіндігі үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесіңіз елеулі екені анық, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Кристалина Георгиева Астана халықаралық форумына шақырту алғаны үшін алғыс айтты.

 

 

 

– Әлемдік экономикада белгісіздік белең алған шақта Астана халықаралық форумына қатысып отырғаныма қуаныштымын. Әлемдегі бағыт-бағдарымызды айқындау үшін осындай диалог алаңдарының болуы өте маңызды. Ең алдымен, Сіздің еліңізде болған ауқымды өзгерістерді айрықша атап өткім келеді, – деді ХВҚ басшысы.

 

 

 

 

Кездесу барысында Президентке Халықаралық валюта қорының Қазақстанға қатысты жоспарлары жөнінде мәлімет берілді. Мемлекет басшысы Алматы қаласында Әлеуетті дамыту жөніндегі өңірлік орталық ашу туралы Қордың бастамасын қолдайтынын атап өтіп, оның Қазақстан мен Орталық Азиядағы қаржы жүйесінің тұрақтылығына зор үлес қосатынына сенім білдірді.

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:http://aqorda.kz/kz/memleket-basshysy-halykaralyk-valyuta-korynyn-baskarushy-direktory-kristalina-georgievany-kabyldady-853320

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.